Accessibility links

Каталониядағы референдум қақтығыспен өтіп жатыр


Сайлау учаскесінің сыртындағы полициямен қақтығыс. Сан-Жульян-де-Рамис, Испания, 1 қазан 2017 жыл.
Сайлау учаскесінің сыртындағы полициямен қақтығыс. Сан-Жульян-де-Рамис, Испания, 1 қазан 2017 жыл.

Испанияның Каталониясында жергілікті билік ұйымдастырған тәуелсіздік туралы референдумге дауыс беру учаскелерінде полиция мен дауыс беруге келген азаматтар арасында қақтығыстар болды. Испания үкіметі бұл референдумды заңсыз деп жариялап, оны өткізбеуге тырысады.

Полиция дауыс беруге арналған жәшіктерді тартып алып, сайлау учаскелері орналасқан ғимараттарға ешкімді кіргізбей жатыр. Полициямен қақтығыста бірнеше демонстрант зардап шеккен. Барселонада бірнеше адамды полиция ұстаған. Испания үкіметі полицияның мақсаты азаматтарға күш қолдану емес, заңсыз деп танылған референдум бюлеттеньдерін тәркілеу екенін мәлімдеген.

Полицияның бөгет қоймақ болған әрекетіне қарамастан Каталония билігінің жетекшісі Карлес Пучдемон сайлау учаскелерінің бірінде тәуелсіздік туралы референдумге дауыс беріп үлгерді. Бүгін таңертең дауыс беруге арналған учаскелердің кейбірін полиция ашқызбады. Жұмысын бастаған сайлау учаскелерінің алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.

Онлайн арқылы берілген дауыстарды тіркейтін орын ретінде белгіленген Барселонаның орталығындағы телекоммуникация және ақпараттық технологиялар орталығын сенбінің кешінде полиция басып алған.

Каталонияның тәуелсіздігін жақтайтын жергілікті биліктің жетекшісі Карлес Пучдемон сайлаушыларды дауыс беруге қатысып, өз пікірлерін білдіруге шақырған. Барселона қаласының мэрі Ада Колау Еуропалық Одақты Каталониядағы референдумнің нәтижесі қандай болғанына қарамастан аймақ мәртебесі туралы мәселені реттеуге араағайын болуға шақырған.

XS
SM
MD
LG