Алматыда ардагерлер сенбілік орнына наразылық шеруін өткізді

Алматы қаласындағы "Ленинград блокадасының тұрғындары" ұйымының жетекшісі Марина Сергиева саябақтағы Ленинград қаласына арналған ескерткішті белгісіз біреулердің бүлдіріп кеткенін көрсетіп тұр. 30 қыркүйек 2017 жыл.
Алматы қаласындағы "Ленинград блокадасының тұрғындары" ұйымының жетекшісі Марина Сергиева саябақтағы Ленинград қаласына арналған ескерткішті белгісіз біреулердің бүлдіріп кеткенін көрсетіп тұр. 30 қыркүйек 2017 жыл.

Алматыдағы ардагерлер ұйымдары бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында бұған дейін жоспарланған сенбіліктің орнына вандализмге қарсылық шеруін өткізді. Жоспарлы сенбіліктің орнына аяқастынан қарсылық шеруіне айналған шара кезінде Алматы әкіміне, қала прокурорына және Қазақстан президентінің әкімшілігіне жазылған петицияға қол жинады.

Қол жинау мен журналистерге комментарий берудің соңы наразылық шеруіне ұласты. Оқиға орнына келген Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сөзінде Германияда совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштерге деген құрмет Алматыдағыдан жақсы деп мәлімдеді. Шеруде сөйлегендер саябақтағы совет кезінде орнатылған ескерткіштерге жасалған вандализм салдарын әлі күнге жоймай, қарекетсіз отыр деп қала билігін сынады.

Алматы қаласындағы "Ленинград блокадасының тұрғындары" ұйымының жетекшісі Марина Сергиева Азаттыққа "вандалдардың ойраны мен биліктің қарекетсіздігінің артында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармандық туралы естеліктің жойылуына мүдделі белгілі бір саяси күштер тұруы мүмкін" деп мәлімдеді.

Саябақтағы ондаған адам қатысқан наразылық шеруі бейбіт өтті.

Қыркүйектің 15-іне қараған түні Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы қаһарман қалалар аллеясына қойылған ескерткіш тастарды белгісіз біреулер бүлдіріп, жазуы мен жұлдыздарын жұлып кеткен еді. Алматының ардагерлер ұйымдары 20 қыркүйекте қала билігінен саябаққа тәулік бойы полиция күзетін ұйымдастыруды, Мәңгілік алауға қоршау қоюды, саябақтың аумағына бейнебақылау камераларын орнатып, кіреберісіне үш тілде жазылған ереже ілуді талап еткен.

Алматы әкімдігі ішкі саясат басқармасының жетекшісі Нұрлан Сыдықов вандализм оқиғасы мен одан кейінгі қала билігінің іс-әрекетінде саяси себеп болуы мүмкін деген сөзді жоққа шығарды.

Алматы ішкі істер департаментінен саябақтағы вандализм оқиғасын тексеру жайын білмек болған Азаттық тілшісінің талпынысы нәтиже бермеді.

Саябақтағы наразылық акциясынан Азаттықтың фоторепортажы:

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы наразылық

Алматыдағы ардагерлер қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров шараға қатысушыларды қала әкіміне жазылған 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмді айыптау хатына қол қоюға шақырды.
1/12 Алматыдағы ардагерлер қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров шараға қатысушыларды қала әкіміне жазылған 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмді айыптау хатына қол қоюға шақырды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алматы қаласының әкіміне жазылған үндеуге қол жинау.
2/12 Алматы қаласының әкіміне жазылған үндеуге қол жинау.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Үндеу Алматы қаласының әкімінің атына жазылған, алайда акцияға қатысушылар оған қоса қала прокуроры мен Қазақстан президентінің әкімшілігіне де хат жолдауды ұсынды.
3/12 Үндеу Алматы қаласының әкімінің атына жазылған, алайда акцияға қатысушылар оған қоса қала прокуроры мен Қазақстан президентінің әкімшілігіне де хат жолдауды ұсынды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Парламент депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев (сол жақта) әлдекімдер бүлдіріп кеткен бұрынғы Совет одағының қаһарман қалаларына қойылған ескерткіш тастардың жанында тұр.
4/12 Парламент депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев (сол жақта) әлдекімдер бүлдіріп кеткен бұрынғы Совет одағының қаһарман қалаларына қойылған ескерткіш тастардың жанында тұр.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алматы қаласындағы "Ленинград блокадасының тұрғындары" ұйымының жетекшісі Марина Сергиева саябақтағы Ленинград қаласына арналған ескерткішті белгісіз біреулердің бүлдіріп кеткенін көрсетіп тұр.
5/12 Алматы қаласындағы "Ленинград блокадасының тұрғындары" ұйымының жетекшісі Марина Сергиева саябақтағы Ленинград қаласына арналған ескерткішті белгісіз біреулердің бүлдіріп кеткенін көрсетіп тұр.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, бұрынғы Ленинград блокадасының тұрғындары мен фашистік концлагерьлердің тұтқындары комитетінің жетекшісі Көпесбай Жампейісов (ортада) 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмге қарсылық шеруіне айналған шара кезінде сөйлеп тұр. 
6/12 Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, бұрынғы Ленинград блокадасының тұрғындары мен фашистік концлагерьлердің тұтқындары комитетінің жетекшісі Көпесбай Жампейісов (ортада) 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмге қарсылық шеруіне айналған шара кезінде сөйлеп тұр. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Мәскеу түбінде жауға қарсы шайқасқан дивизияның командирі генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова (оң жақта) 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализм оқиғасын айыптады.
7/12 Мәскеу түбінде жауға қарсы шайқасқан дивизияның командирі генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова (оң жақта) 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализм оқиғасын айыптады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Парламент мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Германияда совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштерге деген құрмет Алматыдағыдан жақсы деп мәлімдеді.
8/12 Парламент мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Германияда совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштерге деген құрмет Алматыдағыдан жақсы деп мәлімдеді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алдын ала жоспарланған сенбілікке әзірлеп әкелген құрал-саймандардың қажеті болмай қалды – сенбілікке жиналғандар аяқасты басталған Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмге қарсылық шеруіне қатысты.
9/12 Алдын ала жоспарланған сенбілікке әзірлеп әкелген құрал-саймандардың қажеті болмай қалды – сенбілікке жиналғандар аяқасты басталған Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмге қарсылық шеруіне қатысты.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жоспарлы сенбіліктің орнына аяқасты басталған вандализмге қарсылық шеруіне қатысқан жастар жиын аяқталған соң Қазақстан парламентінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен бірге суретке түсті.
10/12 Жоспарлы сенбіліктің орнына аяқасты басталған вандализмге қарсылық шеруіне қатысқан жастар жиын аяқталған соң Қазақстан парламентінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен бірге суретке түсті.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Қызыл әскер формасын киген "Боевое братство" ардагерлер ұйымының төрағасы, запастағы полковник Сергей Пашевич 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы бұрынғы СССР-дің қаһарман қалаларының ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қойылған ескерткіштерді бүлдіру оқиғасын "саяси вандализм" көрінісі деп атады.
11/12 Қызыл әскер формасын киген "Боевое братство" ардагерлер ұйымының төрағасы, запастағы полковник Сергей Пашевич 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы бұрынғы СССР-дің қаһарман қалаларының ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қойылған ескерткіштерді бүлдіру оқиғасын "саяси вандализм" көрінісі деп атады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Жоспарланған сенбіліктің орнына вандализмге қарсылық шеруіне айналып кеткен шараға қатысып, бейбіт акция аяқталғаннан кейін қайтып бара жатқан адамдар.
12/12 Жоспарланған сенбіліктің орнына вандализмге қарсылық шеруіне айналып кеткен шараға қатысып, бейбіт акция аяқталғаннан кейін қайтып бара жатқан адамдар.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

​
XS
SM
MD
LG