Accessibility links

Ресейлік оппозициялық саясаткер Навальный Орынборда жұртпен кездесті


Алексей Навальный Орынборда тұрғындармен кездесіп тұр. 30 қыркүйек 2017 жыл.
Алексей Навальный Орынборда тұрғындармен кездесіп тұр. 30 қыркүйек 2017 жыл.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный сайлауалды бағдарламасының аясында бүгін Орынбор қаласында тұрғындармен кездесу өткізді. Шараны өткізуге жергілікті билік рұқсат еткен.

Навальныймен кездесуге, түрлі есептер бойынша, 800-ден 1500 адамға дейін қатысқан. Саясаткердің серіктерінің айтуынша, кездесу өткен алаңның қасында орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары да шараны бақылап тұрған.

Алексей Навальный Орынборға бүгін таңертең ұшып келген. Жұма күні ол Нижний Новгород тұрғындарымен кездеспекші болған еді, бірақ сол күні теңертең оппозиционерді Мәскеуде полиция ұстап, тек кешке қарай бір-ақ босатқан. Полиция бөліміне барған журналистердің қойған сауалына жауабында саясаткер кампаниясын Ресей аймақтарында өткізе беруге уәде еткен.

Ол 2 қазанда Мәскеудің Симонов аудандық сотына баруға міндетті. Сотта оның митингі ұйымдастыру тәртібін қайтадан бұзғаны туралы қозғалған іс бойынша тыңдау өтпек. Бұған дейін Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Навальный жақын уақытқа жоспарланып қойған Орынбор мен Архангельск қалаларындағы кездесулердің бас тартпайтыны туралы жазған.

Алексей Навальный Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ ниетте. Оппозиционер осы кезге шейін Хабаровск, Владивосток, Екатеринбург, Мурманск, Омбы мен Новосибирск тәрізді қалаларда жақтастарымен кездескен.

XS
SM
MD
LG