Accessibility links

Марсельде белгісіз біреу екі адамды пышақтап өлтірген


Белгісіз адам пышақпен шабуыл жасаған Сен-Шарль вокзалының алдында тұрған полиция қызметкерлері. Марсель, Франция, 1 қазан 2017 жыл.
Белгісіз адам пышақпен шабуыл жасаған Сен-Шарль вокзалының алдында тұрған полиция қызметкерлері. Марсель, Франция, 1 қазан 2017 жыл.

Францияның Марсель қаласындағы темір жол вокзалында екі кісіні пышақтап мерт қылған ер адамды полиция атып өлтірген. Бұл туралы France Press агенттігіне жергілікті полицияның басшысы хабарлаған.

Билік орындары қала тұрғындарына шабуыл болған Сен-Шарль вокзалына бармауды ескерткен. Полиция бұл оқиғаны теракт ретінде тексеріп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, әзірше аты-жөні айтылмаған ер адам пышақпен шабуылды жалғыз өзі жасаған. Бірнеше куәгердің айтуына қарағанда, жұртқа шабуыл жасамас бұрын әлгі адам исламшыл сипаттағы сөздерді айтып айғайлаған.

Францияда екі жыл бұрын Парижде болған террорлық шабуылдардан кейін енгізілген төтенше жағдай режимі әлі күшінде. 2015 жылдан бері бұл елде бірнеше терактіден 200-ден астам адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG