Accessibility links

Сирияда әуе шабуылынан 28 бейбіт тұрғын қаза тапқан


Идлибке жасалған әуе шабуылынан кейін. Сирия, 25 қыркүйек 2017 жыл.

Сирияның солтүстік-батысында сенбіге қараған түні әуе шабуылынан кемінде 28 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сириялық адам құқығы жағдайын бақылайтын орталықтың хабарлауынша, құрбан болғандардың арасында төрт бала бар. Әуе соққысы Түркиямен шекараға жақын аудандағы Идлиб провинциясының Арманаз елдімекенінде жасалған.

Құтқарушылардың сөзінше, көтерілісшілер шабуыл операциясын бастаған 19 қыркүйектен бері үкімет күштері мен ресейлік әскери ұшақтардың шабуылдарынан ондаған бейбіт тұрғын мерт болған. Дамаск те, Мәскеу де тек жихадшы содырларды нысанаға алғандарын айтып, бейбіт тұрғындардың қазасына қатысы барын жоққа шығарады.

Жақында Түркия ресейлік әскери ұшақтардың Идлибке жасаған шабуылы барысында бейбіт тұрғындар мен террорлық топтарға қатысы жоқ сириялық көтерілісшілер қаза болды деп мәлімдеп, Ресейді "келісімді бұзды" деп айыптаған.

15 қыркүйекте Астанада аяқталған Сирия келіссөзінің қорытындысы бойынша жиында Ресей, Түркия және Иран Идлиб провинциясында жаңа деэскалация аймағын құру туралы келісімге келгендері туралы жарияланған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG