Accessibility links

Каталония билігі 337 адамның зардап шеккені туралы хабарлады


Испан полициясы Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдумге дауыс беруге келгендерді сайлау учаскесінен күштеп шығарып жатыр. Барселона, 1 қазан 2017 жыл.
Испан полициясы Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдумге дауыс беруге келгендерді сайлау учаскесінен күштеп шығарып жатыр. Барселона, 1 қазан 2017 жыл.

Испанияның Каталония аймағы билігінің мәліметі бойынша, бүгін тәуелсіздік туралы референдум өткізуді қолдап шыққандар мен полицияның арасында болған қақтығыстар салдарынан кемінде 337 адамның зардап шеккен. Бұған дейін Испания ішкі істер министрлігі 11 полиция қызметкерінің зардап шеккені туралы хабарлаған.

Барселона мен Каталонияның өзге де қалаларындағы қақтығыстарға жергілікті биліктің осы аймақтың Испаниядан тәуелсіздігі туралы референдум өткізуге талпынысы себеп болған. Мадрид референдумды заңсыз деп санайды. Испания үкіметі жетекшісінің орынбасары Каталония билігінің әрекетін «барып тұрған жауапсыздық» деп атап, полиция наразылардың іс-әрекетіне барабар қимылмен жауап берді деп мәлімдеген. Каталония билігі Мадридті еш негізсіз шектен асқан қатыгездік көрсетті деп айыптаған. Барселона мэрі Испания премьер-министрі Мариано Рахойды отставкаға кетуге шақырған.

Көптеген айғақ-деректерге қарағанда, қарсылас екі тарап та бір-біріне күш көрсеткен. Полиция қызметкерлері тоқпақ пен резеңке оқтар қолданып, адамдарды сайлау учаскелерінен күштеп шығарған. Оған жауап ретінде кей демонстранттар полицияға тас жаудырған.

Каталония билігінің хабарлауынша, үкіметтің қарсылық шараларына қарамастан референдумге дауыс беруге арналған учаскелердің көбі әлі бұрынғысынша ашық тұр.

XS
SM
MD
LG