Accessibility links

Тиллерсон Солтүстік Корея мәселесін шешуде сабырлыққа шақырды


Рекс Тиллерсон (сол жақта) және Си Цзинпинь. Пекин, Қытай, 30 қыркүйек 2017 жыл.
Рекс Тиллерсон (сол жақта) және Си Цзинпинь. Пекин, Қытай, 30 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Корей түбегіндегі жағдайды реттеу кезінде сабырлық танытуға шақырды.

Қытай президенті Си Цзиньпимен Пекинде келіссөз өткізгеннен кейін бірлескен баспасөз мәслихатындағы сөзінде Тиллерсон Пхеньян зымыран сынағын өткізуді доғаруы тиіс деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Солтүстік Кореяны ядролық держава деп тануға ниетті емес, бірақ Ким Чен Ынның авторитарлық билігін құлатуды да жоспарламайды.

Пекиндегі келіссөздер барысында екі тарап сауда мәселелері мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға жоспарлаған сапарына дайындық жайын да талқылаған.

Вашингтон ядролық және зымыран бағдарламаларын доғарудан бас тартып отырған Пхеньянға Пекиннің қысымды күшейткенін қалайды.

28 қыркүйекте Қытай өз территориясындағы Солтүстік Кореяның барлық компаниялары 2018 жылдан бастап жұмыстарын тоқтатуы тиіс деп жариялады. Сонымен бірге шетелде Қытай мен Солтүстік Кореяның бірлескен кәсіпорындары да жұмыстарын доғарады.

XS
SM
MD
LG