Accessibility links

Германияда бір жыныстылар некесі туралы заң күшіне енді


Берлиндегі Бранденбург қақпасы алдында сүйісіп тұрған жұп.
Берлиндегі Бранденбург қақпасы алдында сүйісіп тұрған жұп.

Германияда бүгін жынысы бір азаматтарға өзара некеге тұруға рұқсат беретін заң күшіне енді. Канцлер Ангела Меркель аталған мәселені дауысқа салуға келіскеннен кейін бундестаг осы заңды биыл жазда қабылдаған болатын. Меркельдің өзі қарсы дауыс берген.

Германияда 2011 жылдан бері жынысы бір адамдардың азаматтық одақ құруына заңды рұқсат берілген. Алайда әлгіндей одақ құрып тұратындардың құқығы некеге отырғандармен салыстырғанда кемдеу болып жатады. Бүгін Ганноверде 16 жыл бұрын бір-бірін таңдап қосылған екі гей және лесбилер жұбы некеге отырады.

Сонымен бірге бүгін Гамбург пен Берлин қалаларында да жаңа заң бойынша неке қию рәсімі өтпекші.

XS
SM
MD
LG