Accessibility links

ИМ содырлары Сирияда шағын қаланы басып алды


Сирияның Әл-Карьятайн қаласында жүрген исламшыл ИМ содырлары. Тамыз 2015 жыл.
Сирияның Әл-Карьятайн қаласында жүрген исламшыл ИМ содырлары. Тамыз 2015 жыл.

Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Әл-Карьятайн қаласын бақылауға алды деп хабарлады Сирияның адам құқығы қорғалуын бақылау орталығы (Syrian Observatory for Human Rights) ұйымы. Құқық қорғаушылардық ақпаратын Twitter-де жергілікті журналистер де растап жатыр.

Қала Пальмирадан оңтүстік-шығысқа қарай, үкімет әскері шоғырланған аймақтан қашықта орналасқан.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, қалада исламшыл содыр топтары "бұғып жатқан". ИМ содырлары қаланы жиһадшылар Дейр әл-Зор қаласының оңтүстігінде Сирия әскерінің шептеріне үлкен шабуыл жасаған уақытта басып алып отыр.

XS
SM
MD
LG