Accessibility links

Каталония басшысы: Аймақ тәуелсіз мемлекет болу құқығын жеңіп алды


Карлес Пучдемон, Испанияның Каталония аймағының басшысы.
Карлес Пучдемон, Испанияның Каталония аймағының басшысы.

Каталония аймағының басшысы әрі Каталония еуропалық демократиялық партиясының мүшесі Карлес Пучдемон 1 қазан күні кешкісін "Каталония тәуелсіз мемлекет болу құқығын жеңіп алғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Associated Press агенттігі хабарлайды. Дауыс берудің нәтижесі жақын күндері жарияланбақ.

​Каталониядағы жедел әрекет ету қызметінің хабарлауынша, 1 қазандағы референдум кезінде полициямен қақтығыстан 760 адам жарақат алған. Басқа дереккөз 400-дей адам жараланғанын хабарлайды. Полиция Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алып, референдум өткізуіне мүмкіндік бермес үшін күш қолданған. Тіпті кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беру бюллетендері мен жәшіктері тәркіленген.

Осыған дейін Испания үкіметі дауыс беруге жол бермейтінін мәлімдеген болатын. Испанияның Конституциялық соты референдум өткізуді заңсыз деп жариялаған.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша, кешкі сағат 20:00-де аяқталды. Бірақ Каталония үкіметінің өкілі сайлау кезегінде тұрған адамдардың барлығы дауыс беру бөлмесіне жіберілетінін.

Испания ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, қақтығыс кезінде 12 полиция өкілі жараланған. Ішкі істер министрі дауыс беруге арналған 92 учаске жабылғанын мәлімдеді. Бұған дейін екі мыңға жуық сайлау учаскенің үш жүзі жабылғаны хабарланған. Референдум алдында Каталонияға дауыс беруді болдырмас үшін, жартылай әскери құрылым - "азаматтық гвардия" жасақтары жіберілген болатын.

XS
SM
MD
LG