Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында өткізу бекеті қайта ашылды


Қырғыз-өзбек шекарасындағы "Маданият" бақылау-өткізу бекеті. 1 қазан 2017 жыл.
Қырғыз-өзбек шекарасындағы "Маданият" бақылау-өткізу бекеті. 1 қазан 2017 жыл.

Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қырғыз-өзбек шекарасында "Мәдениет" бақылау-өткізу бекеті қайта ашылды.

Азаттықтың жергілікті тілшісінің хабарлауынша, ашылу салтанатына екі жақтан 300-дей адам жиналды. Ашылу салтанатына Қырғызстан және Өзбекстанның жергілікті билік өкілдері қатысты.

Аталған бақылау-өткізу бекеті 2004 жылы ашылған, бірақ 2016 жылы өзбек тарапы шекараны біржақты түрде жауып тастаған.

Биыл қыркүйек айында Жалал-Абад облысы Ала-Бөкен ауданындағы "Баймак-автожолы" мен Ош облысындағы "Достық" бақылау-өткізу бекеттері жеңілдетілген тәртіпке көшкен болатын.

XS
SM
MD
LG