Accessibility links

Мәскеуде YouTube-тегі цензураға қарсы акцияға қатысқандар ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Мәскеуде YouTube видеохостингінің Ресейдегі қызметіне цензура орнатуға қарсы акцияда 20-дан астам адам ұсталды деп хабарлады "ОВД-Инфо" сайты. Мұндай акция Санкт-Петербургте де өткен, бірақ онда ұсталғандар туралы әзірге хабарланбады. Рұқсат берілмеген акцияны "Артподготовка" қозғалысының белсенділері ұйымдастырды. Олар Ресейдегі YouTube қызметкерлері "ойдан шығарылған сылтаумен" оппозициялық блогерлердің видеороликтері мен каналдарын жойып, "билікшіл каналдардың қаралымын күшейтіп жатқанын" айтады.

Шілдеде YouTube-тің Ресейдегі бөліміне ресейлік танымал видеоблогер Дмитрий Иванов шағымданған. Ол Ресейдегі YouTube жеккөрінушілікке жол бермеу туралы ережеге сүйеніп, Кремльді сынайтын каналдарды "әдейі жойып жатыр" дейді. Ал видеохостинг ережелерін бұзатын кремльшіл роликтер бұғауланып жатқан жоқ.

YouTube видеохостингі қарайтын америкалық Google компаниясы Ивановтың мәлімдемесіне комментарий беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG