Accessibility links

Алексей Навальный Архангельскіде жұртпен кездесті


Алексей Навальный Орынборда тұрғындармен кездесіп тұр. 30 қыркүйек 2017 жыл.
Алексей Навальный Орынборда тұрғындармен кездесіп тұр. 30 қыркүйек 2017 жыл.

Архангельск қаласында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жергілікті тұрғындармен кездесті. Акцияға жүздеген адам қатысты. Митинг қарсаңында Навальный полицейлер өзі сөйлейтін сахна жасауға кедергі келтіріп жасап жатыр деп хабарлаған. Кейін ол Twitter-де күш құрылымдарының қызметкерлерімен "келіскенін" жазды.

Навальный Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ ниетте. Оппозиционер осы кезге шейін Хабаровск, Владивосток, Екатеринбург, Мурманск, Омбы, Новосибирск пен Орынбор тәрізді қалаларда жақтастарымен кездескен.

29 қыркүйекте Навальный Нижний Новгородта митинг өткізу тиіс болған. Бірақ Навальный мен оның сайлауалды штабының басшысы Леонид Волковты полиция ұстаған. 2 қазанда Мәскеуде митинг ұйымдастыру тәртібі бойынша сот болады. 29 қыркүйекте Нижний Новгородтың өзінде оппозиционердің жеті жақтасы рұқсат берілмеген акцияға қатысты деген айыппен тұтқындалған.

7 қазанда Навальный Санкт-Петербургте митинг өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ қала билігі акцияға рұқсат беруден бас тартты. Саясаткер осыған қарамастан өзінің өтінішіне мэрия тиісті мерзімде ресми түрде жауап бермегендіктен митингіге рұқсат берілді деп санайды. "Ол заңды, бейбіт іс-шара болады" дейді Навальный.

XS
SM
MD
LG