Accessibility links

Ауғанстанда қате әуе шабуылынан 10 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты


Гильменд уәлаятының Герешк ауданында жүрген ауған қауіпсіздік күштері.
Гильменд уәлаятының Герешк ауданында жүрген ауған қауіпсіздік күштері.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятында әскери-әуе күштерінің бомбаны қателесіп тастауынан қауіпсіздік күштерінің 10 қызметкері қаза тапты.

Уәлаят губернаторы Хаятулла Хайяттың хабарлауынша, Герешк ауданындағы әуе шабуылынан кем дегенде тоғыз полицей зардап шеккен. Хайят оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты. "Ауған күштері соңғы күндері "Талибан" жасақтарымен кескілескен шайқас жүргізген стратегиялық маңызды ауданда майдан шебін бұзып өтпек болғанда әуеден соққы жасалған" деді губернатор.

Аудандық кеңестің мүшесі Гул Ага Муслим оқиғадан арнайы қызмет пен полиция қызметкерлері қаза тапқанын айтты.

Герешк ауданы соңғы апталарда кескілескен ұрыс алаңына айналған. Ауған үкімет күштері бұл территорияны бүлікшілерден қайтарып алмаққа ұмтылып жатыр.

XS
SM
MD
LG