Лас-Вегаста 1 қазанда казинода болған атыстан екі адам қаза тауып, ондаған адам жараланды деп хабарлады қала полициясы. Қайғылы оқиға Route 91 Harvest Festival кантри-музыка фестивалінде болған. Шабуыл жасады деген күдіктілердің бірі оққа ұшқан.
Зардап шеккендерді қабылдап жатқан госпиталь өкілі Данита Когеннің хабарлауынша, ауруханаға 26 адам түскен.
Лас-Вегастағы Mandalay Bay казиносы мен қонақүйі орналасқан аудандағы бульвардың бір бөлігін полиция қоршауға алған.
Оқиғаға байланысты Маккарран халықаралық әуежайына ұшып келетін кейбір рейстер басқа жаққа жіберілген.
Куәгерлердің Twitter-дегі жазбаларында концерт өтіп жатқан кезде бірнеше адамның оқ атқаны айтылады.
Қолданушылардың бірі қонақүй жабылғанын, ал тағы бір қолданушы полицияға сілтеме жасап, қонақүйдің 32-қабатында екі адамның оққағар мен полиция қызметкеріне оқ атқанын жазды.