Accessibility links

Өзбекстанға БҰҰ-ның сенім бостандығы жөніндегі арнайы өкілі барады


БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің логотипі (Көрнекі сурет).
БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің логотипі (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда 2 қыркүйекте БҰҰ-ның дін және сенім бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Ахмад Шахид бастаған делегацияның ресми сапары басталады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 10 күнге жоспарланған сапарда делегация мүшелері Өзбекстанда дін және сенім бостандығы саласында қабылданып жатқан шаралармен танысып, тиісті кеңесін береді. Ахмад Шахид Орталық Азия аймағына бірінші рет сапарлап отыр.

БҰҰ баяндамашысы бұл сапар барысында мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар парламентте, дін істері жөніндегі комитетте, әйелдер комитеті мен мұсылмандар діни басқармасында кездесу өткізу жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG