Швецияның корольдік ғылым академиясы бүгін Нобель сыйлығының лауреаттарын жариялай бастайды. Биыл ғылым салалары қатарында бірінші рет медицина саласы бойынша сыйлық берілмек. Нобель сыйлығын тағайындау комитеті өзінің таңдауын жергілікті уақыт бойынша 11:30-да жариялайды.
Физика, Химия және әдебиет бойынша сыйлық иегерлері де осы аптада жарияланбақ. Экономика саласындағы лауреат келесі аптада, шамамен 9 қазанда жарияланады.
Швецияның сыйлықты тағайындаудан хабары бар Dagens Nyheter газеті америкалық онколог Деннис Сламон сүт безі қатерлі ісігін емдеу және оны герцептин дәрісімен емдеуге тәуелділіктен емдеудегі зерттеулері үшін Нобель сыйлығына ие болуы мүмкін екенін хабарлады.
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Норвегия астанасы Осло қаласында 6 қазанда жарияланады деп болжанған. Кейбір сарапшылар биыл бейбітшілік сыйлығы 2015 жылы Иран мен әлемдік державалар арасында келісім жасауды ұйымдастырғандарға беріледі деп болжайды. Егер ол расқа айналса сыйлық Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф пен Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могериниге берілуі мүмкін. 2015 жылы жасалған келісім бойынша, Иран ядролық қару жасау бағдарламасын кәдімгідей шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар жмұсартылған.
АҚШ пен өзге де Батыс елдері Иран ядролық қару бағдарламасын одан ары іске асырып жатқан облуы мүмкін деп қауіптенеді. Тегеран ядролық бағдарламасын "бейбіт мақсатта ғана қолданатынын" айтады.