Accessibility links

Лас-Вегастағы шабуыл құрбандары 50 адамға жетті


Шабуыл жасалған Mandalay Bay қонақүйі маңында жүрген жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері. АҚШ, 1 қазан 2017 жыл.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қонақүй маңында болған атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетіп, жараланғандар саны 100-ден асып кетті деп хабарлады жергілікті полиция.

Лас-Вегас полициясының ресми өкілі Джо Ломбардоның 2 қазанда өткен баспасөз мәслихатында айтуынша, шабуылға негізгі күдікті Mandalay Bay қонақүйінің 32-қабатынан музыка фестиваліне қатысушыларға автоматтан оқ жаудырған. Күдіктіні көз ұзамай полиция атып тастаған. Ломбардоның сөзінше, күдікті - жергілікті тұрғын.

Лас-Вегас полициясы құрбандар арасында музыка фестиваліне қызметінен тыс уақытында қатысып жатқан бірнеше полиция қызметкері де барын айтады.

АҚШ билігі қылмыскер жалғыз өзі әрекет жасады десе де, Ломбардо полиция шабуыл кезінде қылмысқа күдіктінің қасында болды деген күдікпен Мари Лу Данли есімді азиялық әйелді іздестіріп жатқанын айтты.

Полиция қонақүй орналасқан ауданның бір бөлігін жапты.

Халықаралық Мак-Карран әуежайына ұшып келетін кейбір рейстер басқа жаққа бағытталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG