Accessibility links

Пәкістанда Наваз Шарифке айып тағуды кейінге қалдырды


Наваз Шариф, Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі.
Наваз Шариф, Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі.

Пәкістан соты бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифке қатысты ресми айып тағуды оның іс бойынша күдікті деп танылған балалары сотқа келмегендіктен келесі аптаға қалдырды. Бүгін Исламабад соты Шариф пен оның екі ұлы, қызы және күйеубаласына айып тағу уақытын 9 қазанға белгіледі.

Шариф партиясының заңгері, адвокаты Мохсин Шахнаваз саясаткердің балалары Лондонда қатиерлі ісіктен емделіп жатқан анасымен бірге екенін айтты. Шарифтің өзі сотқа қатысты.

28 шілдеде Пәкістан Жоғарғы соты Наваз Шарифті коррупциялық қылмысқа қатысы бар деп айыптап, премьер-министр қызметінен босатқан. Премьер-министр мен оның отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шарифке қатысты іс 2016 жылы сәуірде Панамадағы Mossack Fonseca фирмасы құпия құжаттарын жариялаған соң қозғалған. Ол құжаттарда Шарифтің екі ұлы мен қызының кем дегенде үш офшорлық компанияның иесі екені жазылған.

Наваз Шариф 26 қыркүйекте басталған алғашқы сотында коррупцияға қарсы соттың қызметін "саяси мақсаты бар" деп айыптаған.

Үш рет премьер-министр болып, үш ретінде де қызметінен еріксіз кетірілген Шариф пен оның үш баласына қатысты айыптаулардың экс-премьердің 1990 жылдары билікте болған кезімен байланысы бар.

Саяси қарсыластары Шариф пен оның отбасын Пәкістаннан қаржы жымқырып, оны Лондонда жылжымайтын мүліктер сатып алуға жұмсады деп айыптайды.

Шарифтің жақтастары мен кейбір саяси сарапшылары оның биліктен кетірілуіне ықпалды әскерилердің қатысы бар дейді.

XS
SM
MD
LG