Ақтөбе соты қала орталығындағы тұңғыш президент атындағы саябақтың маңында екі жаяу адамды көлігімен қағып, оның бірін мерт қылған 19 жастағы студент Сезім Самұратқа үкім шығарды. Сот үкіміне сай Сезім Самұрат бас бостандығы 2 жыл 6 айға шектеліп, бес жыл көлік жүргізу құқығынан айрылды.
Быил 7 шілдеде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы бойжеткен қайтыс болып, оның жанындағы жас жігіт ауыр жарақат алып ауруханаға түскен. Сотта Сезім Самұрат қайғылы жағдайда ұрындырған оқиға кезінде көлікті басқара алмай қалғанын айтып, мерт болған қыздың туыстарынан кешірім сұрады және олардың өзін кешіргенін айтты.
Жол-көлік оқиғасынан қаза болған бойжеткеннің туыстары өздеріне Сезім Сармұраттың материалдық және моральдық шығындарын өтегенін айтып, соттан оған жеңіл жаза тағайындауын өтінді.
Мемлекеттік айыптаушы 30 қыркүйек күні судьядан сотталушыға екі жарым жыл бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындап, көлік жүргізу құқығынан бес жылға айыруды сұраған. Прокурордың айтуынша, жол-көлік оқиғасы болған тұста сағатына 60 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етілгеніне қарамастан, Сезім Самұрат көлігін сағатына 91 шақырым жылдамдықпен жүргізіп келе жатып апатқа ұшыраған.