Accessibility links

Навальный мен оның жақтасы 20 тәулікке қамалды


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный соттан шығып барады. Мәскеу, 2 қазан 2017 жыл.

Мәскеу соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальный мен оның сайлауалды штабының жетекшісі Леонид Волковты 20 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Сот оппозиция лидерлерін "жұртты рұқсат берілмеген митингке шақырды" деп кінәлайды. Екеуі де 29 қыркүйекте Нижний Новгород қаласында өткен митинг қарсаңында ұсталған. Бірақ 2 қазанда сотқа шақырып, босатқан.

Навальный өзіне қатысты шыққан сот шешімін "Путиннің [Ресей президенті] мерей тойына сыйлық" деп атады. Ол жақтастарын 7 қазанда Санкт-Петербургте өтетін митингке қатысуға шақырды. Волков болса, наразылық ретінде аштық жариялады.

XS
SM
MD
LG