Accessibility links

Трамп Лас-Вегас шабуылына қатысты үндеу жасады


АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Лас-Вегастағы шабуылды айыптап үндеу жасап тұр. Вашингтон, 2 қазан 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Лас-Вегастағы қайғылы оқиғаға байланысты халқына үндеу жариялады.

1 қазан күні кешкісін жасалған қарулы қастандықтан 50-ден астам адам өліп, 400-ден астамы жараланған. Лас-Вегас полициясы Стивен Пэддок есімді 64 жастағы жергілікті зейнеткердің Mandalay Bay қонақ үйінің 32-қабатының терезесінен фестивальге қатысушыларға күтпеген жерден қарудан оқ жаудырғанын айтты. Шабуылдаушыны оқиға орнына жеткен арнайы қызмет сарбазы атып өлтірген. Пэддок түскен қонақ үй бөлмесінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылған.

Трамп шабуылды "нағыз зұлымдық актісі" деп айыптап, полицияның жедел әрекетіне жоғары баға берді. Ол аза тұту белгісі ретінде үкімет мекемелеріндегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге бұйрық берді.

Трамп дүйсенбі күні Twitter парақшасы арқылы қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

АҚШ тарихындағы ең ірі қастандық саналған Лас-Вегастағы шабуылды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы өзі ұйымдастырғанын мәлімдеп, мойнына алды. Таяу Шығыстағы радикал жихадшылардың "Әл-Ғамақ" ақпарат құралы Пэддоктың "бірнеше ай бұрын исламды қабылдағанын" хабарлағанымен, оған дәлел келтірмеді.

Лав-Вегас полициясының ресми өкілі Джо Ломбардо журналистерге алдын ала болжам бойынша Пэрдоктың ешқандай әскери топпен байланысы болмағанын айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG