Accessibility links

Министр: Бензин бағасы Ресей импортына тәуелді болмақ


Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.
Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.

"Қазақстанда АИ-92 маркалы бензинінің бағасы жыл соңына қарай тұрақталуы мүмкін және баға Ресейден импортталатын бензин бағасына тәуелді болмақ" деп мәлімдеді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Астанада өткен үкімет отырысында Бозымбаев Қазақстан Ресейден импортталатын бензин үлесін қараша айында 30 пайызға, желтоқсанда 20 пайызға дейін азайту жоспарлап отырғанын, сол кезде баға тұрақталуы ықтимал екенін айтты.

Оған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Импорт азайған жағдайда баға төмендей ме?" деп сұрақ қойды. Бозымбаев премьерге "баға кем дегенде тұрақтанатынын" ғана айтты.

Бозымбаевтың сөзінше, бензин бағасы Ресейден импортталатын бензин бағасына тәуелді болады, егер баға қазіргі бір тонна жанармай үшін 560 доллар көлемінен өзгермесе, онда ішкі нарықта баға төмендейді.

Бұдан соң премьер Сағынтаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке монополияға қарсы қызметтің бензин бағасын бақылауға алуын тапсырды.

Қазақстанда жанармай бағасы соңғы бірнеше күнде біртіндеп өсіп жатқаны байқалады. Ең көп тұтынылатын АИ-92 маркалы бензин бағасы соңғы апталарда 141 теңгеден 151 теңгеге дейін көтерілген.

ВИДЕО: Жанармай бағасы туралы Азаттық хабары (02.10.2017)

Жанармай қымбаттауы жұртқа түсініксіз
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

XS
SM
MD
LG