Accessibility links

Ресей: Сирияда ИМ-нің "қазақстандық командирінің" көзі жойылды


Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.
Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Ресейлік ақпарат құралдары Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Сирияда ресейлік әскери-әуе күштерінің шабуылынан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының арасында жеті дала командирінің, оның ішінде "Қазақстаннан шыққан содырдың" көзі жойылғанын хабарлады.

"Түрлі деңгейдегі жеті дала командирі, оның ішінде Қазақстаннан шыққан, ДАИШ-тың [ИМ-нің арабша атауының қысқарған түрі - ред.] Евфрат аңғарындағы шабуылдаушы құрылымының іс-қимылын үйлестірген Әбу Ислам әл-Қазақидың көзі жойылды" деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Коношенков.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күдікті содырлар Ресей әскери-ғарыш күштерінің соңғы екі тәулікте Евфрат өзенінің шығыс жағалауында жүргізген операциясында оққа ұшқан.

"Әуе шабуылында ДАИШ-тің шетелдік жалдамалыларды жинау және дайындау орталығы талқандалып, Солтүстік Кавказдан шыққан 40 шақты содыр мен терроршылардың мобильді мергендер тобының көзі жойылды" деген Конашенков ресейлік агенттікке.

XS
SM
MD
LG