Accessibility links

Қарағанды облысы: Мектепті жөндеу кезінде жұмысшы жараланды


Қарағанды облысының картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында екі қабатты мектеп ғимараты ішінара опырылып, салдарынан бір адам жараланды деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекованың хабарлауынша, мектептің ішінара қирағаны туралы хабар бүгін сағат 9:40-та түскен. Ол жөндеу жұмыстары кезінде "мектептің екінші қабатында холлдың төрт шаршы метр аумақтық жабын плитасы опырылғанын айтты.

Балықтыкөл ауылын Қарағандыдан 14 километр қашықтықта орналасқан.

ТЖД жұмысшы үйінді астынан шығарылып, Шахтинск қаласындағы ауруханаға жатқызылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG