Accessibility links

Путин мен Бердімұхамедов "әріптестік" келісіміне қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов құжат алмасып тұр. Ашғабад, 2 қазан 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов құжат алмасып тұр. Ашғабад, 2 қазан 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екі ел арасындағы "стратегиялық әріптестік" туралы келісімге қол қойды. Келісім Путиннің Түркіменстанға соңғы бес жылда бірінші рет жасаған сапарында жасалды.

Путин 2016 жылы екі жақты сауда айналымының көлемі азайғанына өкініш білдіріп, алдағы уақытта бұл жағдай өзгеретініне сенім білдірді. Бердімұхамедов Түркіменстанның аймақта Ресеймен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. Сапар барысында тағы бірнеше екі жақты құжаттарға, оның ішінде миграция жөніндегі өкілдік құру туралы келісім мен заңсыз есірткі айналымымен күресте ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойылды.

Ресей мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынас газ тасымалдауға қатысты дауға байланысты нашарлап кеткен болатын. Түркіменстан өзін бейтарап мемлекет деп жариялағандықтан Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қосылмайды.

XS
SM
MD
LG