Санитарлық авиация қызметінің ұшағы Алматы түбінде, Іле ауданында апатқа ұшырап, жанып жатқан күйі табылды. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, электр бағандарының сымдарын үзіп барып құлаған ұшақтағы бес адам түгел қаза тапқан. Tengrinews.kz жаңалықтар вебсайтына төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов: "Бөлімшелеріміз апат орнына жетті. Ұшақтағы өртті сөндіріп жатыр" деді.
Санитарлық авиацияның Ан-28 ұшағы 3 қазанда кешкі сағат 18.35-те Алматыдан Шымкентке қарай 28 шақырым қашыққа ұшып шыққан соң 12 минуттан кейін локатордан жоғалып кеткен.