Accessibility links

АҚШ: Ресей бас консулдығын "бұзып кірген" жоқпыз


Сан-Францискодағы Ресей консулдығы
Сан-Францискодағы Ресей консулдығы

АҚШ Сан-Францискодағы Ресей бас консулдығының территориясына "заңсыз кірді" деген ақпаратты теріске шығарды. АҚШ Мемлекеттік департаменті ғимарат күзеті тек дипломаттар мен олардың отбасы белгіленген уақытта резиденцияны босатқан, я босатпағанын тексергенін мәлімдеді.

Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойерт ғимаратты қарау кезінде құлыптары бұзылмағанын және арнайы қызмет қатыспағанын айтады. АҚШ билігі ресейлік дипломаттарға ғимаратты босату үшін 1 қазанға дейін қосымша уақыт берген.

Таяуда Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ билігі Сан-Францискодағы консулдығына "басып кірді" деп мәлімдеме жасап, наразылығын білдірген. Министрлік ғимараттың есігі бұзылғанын айтқан.

Биыл шілде айында Кремль Конгрестің Мәскеуге қарсы санкцияларын ұзартуға жауап ретінде, АҚШ-тан елшілік және консулдықтағы қызметкерлерді қысқартуды талап еткен болатын. Вашингтон болса, Сан-Францискодағы бас консулдықты және Вашингтон мен Нью-Йорктегі өкілдікті жабатынын мәлімдеген. АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Джон Теффт Азаттыққа берген сұхбатында "ресейлік дипломаттарға қысым көрсетіп жатыр" деген ақпараттың жалған екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG