Accessibility links

Ақмола облысында жол апатынан жеті адам опат болды


Ақмола облысының картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысында жол апатынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, бір адам жараланып ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі жеңіл соқтығысқа жол апаты 3 қазан күні кешкісін Атбасар ауданы аумағындағы Алматы - Екатеринбург жолының бойында болған.

Жол апатынан ВАЗ-2106 кқөлігінде отырған ерлі-зайыптылар мен олардың жас екі баласы, жүргізуші және тағы бір жолаушы мерт болған. Полицияның хабарлауынша, соқтығысқан Mitsubishi көлігінің бір жолаушысы қаза тауып, тағы бірі жараланып ауруханаға түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2106 көлігімен соқтығысқан. Облыстық ішкі істер департаменті Mitsubishi жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Апат бойынша "Көлік құралын басқарушы тұлғаның көлік құралын пайдалану немесе жол ережесін бұзуы" бабымен тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG