Accessibility links

Пәкістанда үш адамға өлім жазасы орындалды


Пәкістандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).
Пәкістандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).

Пәкістан билігі әскерилер соңғы бірнеше жылда террорлық актілер жасады деп айыпталған үш содырға өлім жазасын орындады. Пәкістан әскери ведомствосының мәлімдемесінде өлім жазасы 4 қазанда елдің солтүстік-батысында орналасқан түрмеде орындалғаны айтылады.

Жаза орындалардан бұрын Justice Project Pakistan құқық қорғау ұйымы 2014 жылдан бері Пәкістанда 477 тұтқынға өлім жазасы орындалғанын мәлімдеп, өлім жазасын орындау көбейгеніне алаңдаушылық білдірген.

Бұл ұйым 10 қазандағы Дүниежүзілік өлім жазасымен күрес күні қарсаңында тұрғындардың бұл мәселедегі түсінігін арттыру үшін апталық жариялаған.

Пәкістан 2008 жылы құқық қорғау ұйымдарының қысымынан соң өлім жазасына мораторий жариялаған еді. Бірақ 2014 жылы "Талибанның" пәкістандық қанаты Пешавардағы мектептердің біріне шабуыл жасап, 148 адам құрбан болған оқиғадан соң мораторий алынған.

XS
SM
MD
LG