Accessibility links

Өзбек оппозиционері: Журналист Абдуллаев кәсібі үшін қудаланып отыр


Бобомурод Абдуллаев, өзбекстандық журналист.
Бобомурод Абдуллаев, өзбекстандық журналист.

Қуғындағы өзбек оппозициялық саясаткері Мұхаммед Салих өткен аптада Ташкентте тұтқындалған журналист Бобомурод Абдуллаевтың кәсіби қызметі үшін қудаланып отырғанын мәлімдеді.

Оппозициялық "Өзбекстан халық қозғалысының" жетекшісі Мұхаммед Салих Стамбулда журналистерге Абдуллаевтың өз ұйымының веб-сайтына 14 жыл бойы Усмон Хакназаров деген бүркеншік есіммен мақала жазып келгенін айтты. Хакназаровтың өзбек билігінің саясаты туралы сараптамалық мақалалары интернеттер соңғы бірнеше жылда танымал болған. Хакназаровтың кім екені және қайда тұратыны осы кезге дейін белгісіз болып келген болатын.

Бобомурод Абдуллаев - Өзбекстандағы белгілі спорт журналисі. Ол Азаттықтың Өзбек редакциясы ұйымдастырған дөңгелек үстелдерге қатысқан, "Озод Овоз" (Азаттық дауысы") медиа жобасын құрған және Лондонның соғыс және бейбітшілікті баяндау институтының (IWPR) тілшісі болған.

44 жастағы Абдуллаев 27 қыркүйекте жоғалып кетіп, екі күннен соң жергілікті билік оның жұбайына күйеуінің ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Журналистің туыстары оның тұтқындалғаннан бері сыртпен байланысы үзілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG