Accessibility links

Назарбаев Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарға барды


Ақтөбедегі "Қазхром трансұлттық компаниясы" зауыты. 4 қазан 2017 жыл.
Ақтөбедегі "Қазхром трансұлттық компаниясы" зауыты. 4 қазан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге сапарында бірнеше зауыт пен кәсіпорын қызметімен танысты. Президент бірінші Ақтөбедегі "Қазхром" ферроқорытпа зауытына барды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Ақтөбеге түске таман ұшып барған Назарбаев зауытқа жақындап қалғанда ондағы №4 цехта күтіп тұрған жергілікті журналистерді шығарып жіберіп, зауыттың бір бұрышына жинап қойды.

Зауыттың №4 цехын жергілікті металлургтер "жаңа зауыт" деп те атайды. Жетекші инженер-технолог Асхат Ақуовтың айтуынша, жаңа зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 440 мың тоннаны құрайды. Қазір төрт пеш жұмыс істеп тұр. Зауыт негізінен жоғарғы көміртекті феррохром шығарады. Өнімнің негізгі бөлігі Ақтөбе хром қосындылары зауытынан Еуропа елдеріне, Оңтүстік Шығыс Азия мен Солтүстік Америка елдеріне экспортталады.

Бұл зауытты 2014 жылы маусымда Нұрсұлтан Назарбаев ашқан. Ол кезде тек бір пеш жұмыс істеп тұрыпты. Қазір төрт пеш істеп тұр.

Назарбаев бұдан соң "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" кәсіпорнына да барды. Кәсіпорын ұзын өлшемді, ыстыққа төзімді теміржол рельстерін шығарады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысында қанша күн болатыны хабарланған жоқ.

XS
SM
MD
LG