Accessibility links

Өзбек журналисі Солиджон Абдурахмонов бостандыққа шықты


Өзбек журналисі Солиджон Абдурахмоновтың (сол жақта) түрмеден босап шыққан сәті
Өзбек журналисі Солиджон Абдурахмоновтың (сол жақта) түрмеден босап шыққан сәті

Өзбекстан билігі 4 қазанда түрмеде тоғыз жылдан артық отырған тәуелсіз журналист Солиджон Абдурахмоновты бостандыққа шығарды. Оны түрме есігі алдында әріптестері мен құқық қорғаушы Абдурахман Ташанов күтіп алды.

67 жастағы Солиджон Абдурахмонов 2008 жылы есірткі пайдаланды деген айыппен он жылға бас бостандығынан айырылған. Ол сол кездері санаулы тәуелсіз журналистердің бірі болған.

Uznews.net интернет басылымының бас редакторы, кезінде ұзақ жылдар Солиджон Абдурахмоновпен бірге жұмыс істеген Галима Бұхарбаева саяси тұтқындардың біртіндеп босатылып жатқанын билік саясатының өзгеруімен түсіндіреді.

2008 жылдың жазында Абдурахмоновты көлігінен есірткі табылды деп қамауға алған. Бірақ медициналық сараптама оның наша қолданбайтынын дәлелдеген.

Түрмеде отырған жылдары журналист өзіне тағылған айыптарды мойындамай келді. Ол көлігіне есірткіні құқық қорғау органдарының қызметкерлері әдейі тастады деген сенімде.

XS
SM
MD
LG