Accessibility links

Атамбаевтың Ташкентке сапарында шекара келісіміне қол қойылмақ


Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы өткізу бекеті (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы өткізу бекеті (Көрнекі сурет).

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстанға сапары барысында шекараға қатысты маңызды құжаттарға қол қойылады. Бұл жөнінде қырғыз президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Айзада Субақожоева мәлімдеді.

Оның сөзінше, президент екі елдің мемлекеттік шекарасы және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірнеше маңызды құжаттарға қол қояды.

Бұған дейін Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен 5-6 қазанда Ташкентке баратыны хабарланған.

2 қазанда Қырғызстан президенті қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы жөніндегі екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына қол қойған. Үкімет мәліметі бойынша, келісімде жалпы шекараның 1378 километрінің 1170-і нақтыланған, яғни 85 пайызы келісілген деген сөз. Ал қалған 15 пайызы - 208 километр шекара бойынша жыл соңына дейін нақты шешім шығуы керек.

Қыркүйек айының басында Шавкат Мирзияев ресми сапармен Қырғызстанға барған болатын.

XS
SM
MD
LG