Accessibility links

ЦРУ: СССР алғашқы спутнигін ұшыратынын алдын ала білгенбіз


СССР-дің "Спутник 1" ғарыш аппаратын ұшыру сәті. Байқоңыр, 4 қазан 1957 жыл.
СССР-дің "Спутник 1" ғарыш аппаратын ұшыру сәті. Байқоңыр, 4 қазан 1957 жыл.

АҚШ Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) құпиялығы енді жойылған, бұдан 60 жыл бұрынғы СССР-дің құжаттарында ғарышқа алғашқы "Суптник 1" аппаратын ұшыруына қатысты құжаттарын жариялады. Құжаттарда АҚШ арнайы қызметі америка қоғамын дүр сілкіндірген "Спутник1 " аппаратының ұшырылатыны жайлы алдын ала білгені айтылады.

4 қазанда жария болған құжаттарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің Совет одағының "Спутник 1" аппаратын жасап жатқанын алдын ала біліп отырғаны жазылған. СССР "Спутник 1" аппаратын 1957 жылы 4 қазанда ұшырған.

Құжаттар Эйзенхауэр әкімшіліг, АҚШ барлау қызметі мен әскерилерінің Совет одағы мамандарының "Спутник" ұшыруды жоспарлап отырғанын ғана емес, оны 1957 жылдың соңына қарай орбитаға орналастыруы ықтимал екенін де білгенін көрсетеді.

"Спутник" аппаратының диаметрі 58 сантиметр, салмағы 83,6 килограмм болған.

Кремльдің үлкен жеңісі саналған ғарыш аппаратының ұшырылуы америка қоғамы үшін күтпеген оқиға болды. Себебі америкалықтардың көпшілігі АҚШ-ты СССР-ден әскери және ғылыми салада әлдеқайда алға озып кеткен деп есептейтін.

"Спутниктің" ұшырылған соң екі держава арасында ғарышты игеру бәсекесі басталып, 1969 жылы АҚШ Айға алғашқы адамды қондырды.

"Совет одағы "Спутник 1" аппаратын ғарышқа сәтті ұшырған 1957 жылы 4 қазанда тарих өзгерді" делінген NASA-ның аппараттың ұшырылуына 60 жыл толуына орай жариялаған мәлімдемесінде.

"Бұл ұшырылым жаңа саяси, әскери, технологиялық және ғылыми зерттеулерге жол ашты. "Спутниктің" ұшырылуы жеке-дара оқиға болғанымен, ол АҚШ пен СССР арасында ғарышты игеру бәсекесін басталғанынан хабар берді" делінген NASa мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG