Accessibility links

Шымкентте жүк көлігі электровозбен соқтығысты


Электровозбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:20 0:00

Электровозбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Әуесқой түсірілім, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Шымкентте жүк көлігі электровозбен соқтығысып, кем дегенде екі адам жараланды. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) көлік апаты 4 қазан күні түстен кейін Шымкенттің Қаратау ауданындағы цемент зауытына жақын Қызылсай - Қазығұрт теміржол өткелінде болғанын хабарлады. Соққыдан әлденеше тонналық тепловоз рельстен шығып кеткен, жүк көлігі қатты зақымданған.

ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекованың хабарлауынша, Howo маркалы жүк көлігінің электровозбен соқтығысынан көліктің 47 жастағы жүргізушісі зардап шеккен. Ол көлікке қысылып қалып, оқиға орнына барған құтқарушылар оны арнайы құралдың көмегімен сыртқа алып шыққан. Көлік жүргізушісін жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен, ал электровоз жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілгенімен, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Әлеуметтік желіде таралған видеода теміржолдан ондаған метр жерде аударылып жатқан электровозды автокранмен орнынан қозғап жатқаны көрінеді. Жол апаты пойыз қозғалысына кедергі келтірмеген.

XS
SM
MD
LG