Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 345 теңгеден асты


Теңге мен доллар банкноттары (Көрнекі сурет).
Теңге мен доллар банкноттары (Көрнекі сурет).

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы қымбаттады. Биржада 5 қазанда таңертеңгілік саудада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 345 теңге 37 тиынға жетті. Доллар бағамы былтырғы тамыздан бері 345 теңгеге көтерілмеген еді. 4 қазандағы таңертеңгілік саудада доллар 344 теңге 88 тиын болған.

Биржа мәліметіне қарағанда, бүгін таңертеңгілік саудада 120 миллион 850 мың доллар сатылған.

Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінде доллар 344 теңге мен 346 теіге 50 тиын аралығында сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG