Accessibility links

Алматы әкімдігі: Қалада он шақты күнге жететін жанармай бар


Қазақстандағы жанармай бекеттерінің бірі (Көрнекі сурет).

"Алматыға бензин тапшылығын жою үшін қосымша жанармай жеткізіледі" деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиевке сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Қалада өтіп жатқан инвестициялық форум арасында журналистер сұрағына жауап берген Мәдиевтің айтуынша, қазір қалада Helios, Sinooil, "ҚазМұнайГаз" сияқты ірі жанармай бекеттерінде 15 мың тоннаға жуық жанармай бар және бұл қаланы сегіз-он күн жанармаймен қамтуға жетеді. Әкім орынбасарының сөзінше, шағын жанармай бекеттерінде екі-үш күнге жетерлік қана қор бар.

"Министрлікпен жедел жиын өткіздік, нәтижесінде Алматыны қосымша жанармаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге, жергілікті атқару органдары табиғи монополияларды реттеу комитетіммен бірлесіп ірі бекеттер қоймаларында жанармайды ұстап отырмай, тұрғындарды дер кезінде қамтып отыру үшін қанша жанармай қоры қалғанын тексеріп шықты" деді Мәдиев.

Қазақстанда жанармай бағасы соңғы бірнеше күнде біртіндеп өсіп жатқаны, кешелі бері Астана, Алматы қалаларында ең көп тұтынылатын АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқала бастады. АИ-92 маркалы бензин бағасы соңғы апталарда 141 теңгеден 151 теңгеге дейін көтерілген.

ВИДЕО: Жанармай бағасы туралы Азаттық хабары (02.10.2017)

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG