Accessibility links

Сауд Арабиясының королі Мәскеуде Путинмен кездеседі


Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудты әуежайдан күтіп алды. Мәскеу, 4 қазан 2017 жыл.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудты әуежайдан күтіп алды. Мәскеу, 4 қазан 2017 жыл.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Сауд Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізу үшін Мәскеуге барды. Сауд Арабиясының королі Мәскеуге бірінші рет барып отыр. Мәскеу әуежайына жақын жолдарға 81 жастағы корольді орыс және араб тілдерінде қарсы алатын билбордтар ілінген.

Болжам бойынша, мұнай өндіруші ірі ек ел басшылары энергетика мәселелерін, оның ішінде мұнай бағасын арттыруға күш салу және Иран мен Сирияға қатысты қарама-қайшы ұстанымдарын талқылайды. Сауд Арабиясы Сириядағы соғыста АҚШ-пен бірге оппозициялық көтерілісшілерді қолдайды, ал Ресей мен Башар Асад билігіне қолдау көрсетеді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу корольдің сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септесіп, диалогты жалғастыруға жол ашады деп үміттенетінін айтты. "Сауд Арабиясының аймақта және араб әлеміндегі орны ерекше. Ресей, әрине, Таяу Шығыстағы, оның ішінде Сириядағы жағдайды талқылауда диалог орнатуға мүдделі" деді Песков.

Келіссөзде сонымен қатар инвестициялық келісімдер, оның ішінде сығымдалған газ бен мұнай химиясы зауыттарына қатысты жобалар талқылануы мүмкін.

XS
SM
MD
LG