Accessibility links

Ирак армиясы ИМ-нен Хавиджаны тартып алды


Ирак армиясы ИМ бекінген Хаваджа қаласының маңында тұр. 4 қазан 2017 жыл.
Ирак армиясы ИМ бекінген Хаваджа қаласының маңында тұр. 4 қазан 2017 жыл.

Ирак армиясы елдің мұнайға бай Киркук провинциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бекінген Хавиджи қаласының бір бөлігін басып алғанын мәлімдеді. Армия ИМ-нің Ирактағы соңғы бекінген орындарының біріне шабуылын үдетіп барады.

Операция қолбасшысы генерал-лейтенант Абдель Амир Яралланың сөзінше, әскер, полиция мен әскериленген отрядтар АҚШ бастаған коалиция күштерінің қолдауымен "Хавиджаның орталығын толық босатып, шабуылын одан ары жалғастырып жатыр".

Хавиджаға шабуыл 21 қыркүйекте басталған.Хафиджа Бағдадтан солтүсткке қарай 240 километр, ал Киркуктан батысқа қарай 50 километр қашықтықта орналасқан.

БҰҰ 3 қазанда Хавиджаға шабуыл жасталғаннан бері қаладан шамамен 12 жарым мың тұрғын кетіп қалғанын хабарлаған. БҰҰ-ның есептеуінше, қалада қалған адамның саны 78 мыңға жетуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG