Accessibility links

Атамбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (оң жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты Ташкент әуежайынан күтіп алып тұр. 5 қазан 2017 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (оң жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты Ташкент әуежайынан күтіп алып тұр. 5 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 5 қазанда мемлекеттік сапармен Ташкентке барды деп хабарлайды ресми БАҚ. Атамбаевты Ташкент әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен басқа да ресми адамдар күтіп алды.

Мемлекет басшысы аппараты ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, сапар барысында Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері екі ел қарым-қатынасы, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, шекара келісіміне қол қояды.

Бұған қоса, президенттер екі елдің өндірістік өнімдерінің көрмесін аралайды.

Атамбаев сапары барысында қауіпсіздік, қорғаныс, экономикалық қылмыспен күрес мәселелерін қамтитын құжаттар қабылданады.

2 қазанда Қырғызстан президенті қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы жөніндегі екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына қол қойған. Үкімет мәліметі бойынша, келісімде жалпы шекараның 1378 километрінің 1170-і нақтыланған, яғни 85 пайызы келісілген деген сөз. Ал қалған 15 пайызы - 208 километр шекара бойынша жыл соңына дейін нақты шешім шығуы керек.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қыркүйектің басында Бішкекке сапары кезінде Алмазбек Атамбаевты елге шақырған.

Мирзияевтің Қырғызстанға сапарынан соң екі ел шекарасында бірнеше бақылау және өткізу бекеттері ашылған.

XS
SM
MD
LG