Accessibility links

Ақтөбе облысы: Бес полицейдің ісі сотқа жолданды


Ақтөбелік полицейлер (Көрнекі сурет).
Ақтөбелік полицейлер (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде полицияның "қызмет бабын асыра пайдаланді" деген сезікті бес қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Дәулембаевтың мәліметінше, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіндегі ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бес қызметкері "шектеулі балық өнімдерін сатушыларды қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін қаржы бопсалаған, тәркіленген тауарды өзге адамдарға өткізген" деген күдікке ілінген.

Күдіктілер қатарында басқарма басшысының орынбасары, екі бөлімнің басшысы мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бар. Бес полицейдің үшеуі сот санкциясымен қамауға алынған. Біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен өз үйінде, енді біреуі тергеуден жасырынып жүр.

Тергеуден бой тасалап жүрген 42 жастағы полицей Марат Баевқа жемқорлыққа қарсы қызмет іздеу жариялады. Күдікті туралы мәлімет бергендерге жемқорлыққа қарсы қызмет қомақты сыйақы ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG