Accessibility links

Ресей депутаты: Сирияда тұтқынға түскен ресейліктерді өлтірген


Григорий Цуркану (сол жақта) және Роман Заболотный ИМ тұтқынында.
Григорий Цуркану (сол жақта) және Роман Заболотный ИМ тұтқынында.

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Виктор Водолацкий Сирияда тұтқынға алынған ресейліктер Роман Заболотный мен Григорий Цуркануды өлтіріп тастаған деп санайды. Бұл туралы РИА "Новости" агенттігі хабарлады.

3 қазанда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарасты Amaq веб сайты Заболотный мен Цуркан түсірілген видео жариялаған. Депутаттың сөзінше, видеода оларды камераға қарап аты-жөнін айтқызып, сосын ИМ құрамына қосылатынын мәлімдеуді талап еткен. Талапты орындаудан бас тартқан соң Заболотный мен Цуркануды өлтірген. Депутат мұндай ақпаратты қайдан алғанын айтпады.

5 қазанда Дондағы Ростов қаласы думасының депутаты Анатолий Котляров Заболотныйдың өлтірілгенін мәлімдеген. Оның сөзінше, ресейлікті 3 қазанда өлтірген.

Бірер күн бұрын Григорий Цурканудың ағасы Азаттықтың Орыс редакциясына Григорийдің Сирияда жекеменшік "Вагнер" әскери компаниясы құрамында соғысқанын хабарлаған. Кейін Цурканның отбасы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері өздерінен "шу шығармауды" талап етіп, ұлдарының босатылатынына сендірген. Заболотныйды Ростов облысының казактар ұйымы таныған.

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік әскерилердің тұтқынға түскенін ресми түрде жоққа шығарады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің ресейліктердің тұтқынға түскені туралы ақпаратты "мұқият тексеретінін" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG