Accessibility links

Ташкент-Әндіжан-Ош-Қашғар бағыттары бойынша жүк тасымалы ашылмақ


Қырғызстан мен Өзбекстанның мемлекеттік тулары (Көрнекі сурет).
Қырғызстан мен Өзбекстанның мемлекеттік тулары (Көрнекі сурет).

Қырғызстан мен Өзбекстан Ташкент – Әндіжан – Ош – Қашғар бағыттары байынша жүк тасымалын ашу туралы келісімге келді. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Ташкентке сапары аясында жасалған келісімге Қырғызстанның көлік және жол министрі Жамшитбек Қалилов пен Өзбекстанның сыртқы сауда министрі Эльер Ганиев қол қойды.

Келісімнен кейін тараптар бұл шара Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай арасындағы сауда байланысын жақсартуға себеп болатынын айтты.

Қырғызстан мен Өзбекстан билік өкілдері кездесу барысында Орто-Токой су қоймасын пайдалану жөніндегі келісімді қарау кейінге қалдырған.

Екі ел стратегиялық әріптестік, сенімді арттыру, екі ел халқының достығын нығайту секілді барлығы 12 келісім мен декларацияға қол қойды.

Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстанға сапары 5 қазанда басталып, 6 қазанға дейін жалғасады.

Қыркүйек айының басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ресми сапармен Қырғызстанға барған болатын.

XS
SM
MD
LG