Accessibility links

Түркіменстанда сотталған екі экс-шенеунік түрмеде өлген


Поран Бердыев, Түркіменстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік министрі.
Поран Бердыев, Түркіменстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік министрі.

Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов тұсында жоғары лауазымды қызмет атқарған екі сотталушының денесі туыстарына берілді. Екеуі де түрмеде қаза тапқан.

Дереккөздің мәліметі бойынша, "Түркіменмұнай" мемлекеттік компаниясының бұрынғы басшысы Сапармаммед Уелиев пен бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік министрі Поран Бердыев түрмеде қаза тапқан. Олардың денесі жерлеу үшін, туыстарына берілген.

"Оларды тірідей көрсет!" деп аталатын халықаралық кампанияның ақпараты бойынша, Уелиев 2005 жылдың 19 қыркүйегінде Түркіменстан Жоғарғы сотының шешімімен 24 жылға сотталған. Осыдан кейін оның туыстары Уелиевті көрмеген. Тіптен оның қайда отырғанын да білмей келген.

Сапармаммед Уелиев сотталғаннан кейін мүлдем хабар-ошарсыз кеткен тұтқындардың бірі болған.

Поран Бердыев 2000 жылдан бері ішкі істер министрі және ұлттық қауіпсіздік министрі болған. Соңғы қызметінде ол елдің батыс облысын басқарған.

XS
SM
MD
LG