Accessibility links

Атырау облысында көлік өртеніп, 2 адам күйіп қалды


Атыру облысының картасы (Көрнекі сурет).
Атыру облысының картасы (Көрнекі сурет).

Атырау облысында бензин тасымалдайтын көлік өртеніп, екі адам жараланды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Департамент ақпаратына қарағанда, төтенше оқиға Жылыой ауданының Құлсары қаласында болған. Бензин тасымалдайтын КамАЗ көлігі эстакадада жанармай толтырып жатқанда өртенген.

Департаменттің баспасөз қызметі көлік жүргізушісі, Жылыой ауданының 43 жастағы тұрғыны денесінің 90 пайызына дейін күйік шалып ауруханаға түскенін хабарлайды. Онымен бірге көмекшісі, 19 жастағы Өзбекстан азаматы денесінің 30 пайызын күйік шалып ауруханаға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG