Accessibility links

Ресейде қазақстандық автобус пойызбен соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты


Ресейде апатқа ұшыраған автобус (Көрнекі сурет).
Ресейде апатқа ұшыраған автобус (Көрнекі сурет).

Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан жолаушылар автобусы пойызбен соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты.

Владимир облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 03 сағат 29 минутта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан нөмірі тағылған автобус "Покров" станциясында теміржолдың жүруге тыйым салатын белгісін елемей, өткелге шығып кетіп, оны Санкт-Петербург - Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойыз соққан.

Жол апатынан автобустағы оннан астам адам қаза тапқан.

Ішкі істер басқармасы қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын, оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқандардың жеке бас мәліметтері анықталып жатқанын хабарлады.

Ресейлік агенттіктердің хабарлауынша, автобус бен пойыз соқтығысынан жиырма шақты адам жан тапсырған. РИА "Новости" агенттігінің Владимир облыстық губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляховаға сілтеме жасап хабарлауынша, автобуста 50 адам болған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов қазір министрлік оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын, мәлімет белгілі болғанда хабарлайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG