Accessibility links

СІМ: Ресейде апат болған автобусқа қатысты мән-жай анықталып жатыр


Әнуар Жайнақов, сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Әнуар Жайнақов, сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Қазақстанның Ресейдегі дипломаттары Ресейдің Владимир облысында қазақстандық нөмірдегі жолаушылар автобусының пойызбен соқтығысуынан қаза тапқандардың азаматтығын анықтап жатыр деп хабарлады сыртқы істер министрлігі (СІМ).

Министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың Facebook-те жазуынша, Владимир облысында апатқа ұшыраған Mercedes маркалы қазақстандық автобус Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Апаттан 15 адам қаза тауып, бес адам жараланған. Автобуста барлығы 55 адам болған.

Жараланғандар Петушинск аудандық ауруханасына жеткізілген.

Владимир облыстық ішкі істер басқармасының ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 6 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 03 сағат 29 минутта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан нөмірі тағылған автобус "Покров" станциясында теміржолдың жүруге тыйым салатын белгісін елемей, өткелге шығып кетіп, оны Санкт-Петербург - Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойыз соққан.

XS
SM
MD
LG