Accessibility links

Ташкент пен Бішкек: Ынтымақтастықты арттыруға дайынбыз


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Орталық Азиядағы көршілес екі ел бұрынғыдан да тығыз байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеді.

Мирзияев Ташкентте Атамбаевпен кездесуінде Бішкек пен Ташкент өте аз уақытта өте жоғары деңгейде ынтымақтастық орнатып үлгергенін және бұның тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін айтты. Мирзияев өткен айда Қырғызстанға барған сапарынан соң екі ел шекарасында бірнеше өткізу бекеті ашылғанын атап өтті.

Атамбаевтың сапары қарсаңында Мирзияев қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасы жөніндегі екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына қол қойған. Үкімет мәліметі бойынша, келісімде жалпы шекараның 1378 километрінің 1170-і нақтыланған, яғни 85 пайызы келісілген деген сөз. Ал қалған 15 пайызы - 208 километр шекара бойынша жыл соңына дейін нақты шешім шығуы керек. Атамбаев осыған ұқсас заңға 2 қазанда қол қойған.

Совет одағы ыдырап, тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы анықталмаған шекара бөліктері көптеген дау-жанжалға себеп болған.

XS
SM
MD
LG