Accessibility links

Лавров Сирия келіссөзіне қатысатын елдер санын арттыруға пікір білдірді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен баспасөз мәслихатында. Астана, 6 қазан 2017 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен баспасөз мәслихатында. Астана, 6 қазан 2017 жыл.

Қазақстанда ресми сапармен жүрген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Астанадағы Сириядағы жағдайды реттеу бейбіт келіссөзіне бақылау жасайтын елдер санын арттыру туралы ұсынысын қабылдайтынын мәлімдеді. Лавров бұл жайында Ресей Астана процесіне қатысушы елдер санын арттыруға қатысты ұстанымы жайлы сұраққа жауабында айтты.

"Біз бақылаушы елдер санын арттыруды пайдасы бар деп білеміз. Бұған қатысты талқылауға дайынбыз. Бірақ, әрине, бұл үшін келіссөзді бастаған барлық елдердің келісімі қажет" деді Лавров Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Лавров Астанадағы келіссөзде "қарулы оппозиция өкілдерінің үкіметпен тікелей жұмыс істесуі" Женевада Сирияның өз ішіндегі тараптардың келіссөз өткізуіне түрткі болғанын мәлімдеді. Ол "Соңғы келіссөз нақты болды. Деэскалация аймақтарының параметрлері айқындалды. Бұл ең алдымен Идлибке қатысты" деді Лавров.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзінің алтыншы кезеңі 14-15 қыркүйекте өткен. Келіссөзде Сирияның Идлиб провинциясында қауіпсіздік аймағы құрылатыны жарияланған. Бірақ Сирия оппозициясы ол кезде Иранды Сириядағы деэскалация аймақтарындағы қауіпсіздікке кепіл беруші ел деп қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеген.

Ресей, Иран мен Түркия Астана келіссөзінде кепіл ел мәртебесін алған.

Сириядағы алты жылдан асқан азаматтық Ресей мен Иран президент Башар Асад үкіметін, ал Түркия мен АҚШ түрлі көтерілісшіл топтарды қолдайды.

XS
SM
MD
LG